Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Алматы облыстық соты жұмысын қайта бастады

Алматы облыстық соты карантиннен кейін жұмысын қайта бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Сот санитарлық талаптарға сүйене отырып, жұмыс қалыпты режимде жалғасатын болады. 

"Талдықорған қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің шешімі мен Алматы облыстық соты төрағасының 2020 жылғы 29 маусымдағы бұйрығына сүйене отырып, біз мынаны хабарлайды. Короновирустық инфекцияның эпидемиологиялық жағдайының өзгеруіне байланысты Алматы облыстық сотында күшейтілген режим алынып тасталуда. Сот күшейтілген карантин шаралары негізінде жұмысын жалғастырады", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сот талқылауындағы барлық санаттағы істер қалпына келтірілді. Алайда, құжаттарды қабылдау электронды түрде жүзеге аспақ. 

"Сот істерімен байланысты адамдарға сот отырыстарын қарау уақыты туралы алдын-ала хабарлау қажет. Сот отырыстары тек қашықтықтан қаралады. Барлық құжаттар тек электронды түрде қабылданады", - деп ескертті олар.

Естеріңізге сала кетейік, облыстық сот 8 маусымда 9 судиядан коронавирус анықталғаны үшін карантинге жаблған болатын.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 01 Шілде, 2020 15:41
Талқылау