Алматы облыстық соты карантинге жабылды
Карантиндік шараларға байланысты Алматы облыстық сотының жұмысы толығымен тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талдықорған қаласының санитарлық дәрігерінің бұйрығымен ғимаратта және облыстық соттың аумағында 20 қаңтар мен 2 ақпан аралығында карантиндік шаралар енгізілді. Осылайша соттың барлық жұмысы толығымен тоқтатылды, қызметкерлер қашықтан жұмыс режиміне ауыстырылды.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлерінен басқаларының бәріне сот ғимаратына келуге қатаң тыйым салынады.
Осы мерзімге жоспарланған істер кейінге ауыстырылды.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 107-бабы "Апелляциялық шағым, прокурордың шешімдеріне тергеу судьясының санкцияларын беру" бойынша материалдарды судья Талдықорған қалалық сотының ғимаратында қашықтықтан қарайды.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты