Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының тұрғыны 2 жер телімі, 2 үйі мен көліктері бола тұра банкроттыққа өтініш берген

Бұдан былай азаматтар мемлекеттік кірістер комитетіне құжат тасымайды. Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы ақпараттық жүйе құрылып, онлайн форматта қаралады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ortcom

Бұл ақпараттық жүйе барлық 22 органмен бірігіп жұмыс істейді. Бүгінде соттан тыс банкроттық бойынша 6 миллионға дейін қарызы бар 100 мың Қазақстан азаматы өзін банкроттықа берді. Оның ішінде 13 мың адамның өтініші мақұлданып, олардың шамамен 40 миллард теңгеге жуық қарызы кешірілді (соттан тыс және соттан кейінгі банкроттық бойынша).

"Алайда көптеген азаматтардың өтініші қанағаттандырылмады. Мысалы, егер азаматтың мүлігі болса, ол соттан тыс банкроттықа қатыса алмайды. Өтініш берушілердің 47%-ында үйі не көлігі сынды мүлігі болды. Нақты айтсам, Алматы облысының тұрғыны 2 жер телімі, 2 үйі, көліктері бола тұра банкроттыққа өтініш берген", — деді қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ОКҚ-да өткен брифингте.

2023 жылғы 3 наурызда күшіне енген "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілетін қалпына келтіру және банкроттық туралы" ҚР Заңына сәйкес қазақстандықтар eGov.kz және eGov Mobile, Salyq Azamat қосымшасында банкроттыққа өтініш бере алады

Талқылау