"Алматы облысының әкімдігі ойынхана ғимаратына көшеді": Әкімдік желіде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Алматы облысында әкім аппараты Қапшағайдағы казинолардың бірінің ғимаратында орналасады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бұл – жалған ақпарат, қауесет сөз. Қазір жұмыс комиссиясы құрылып, қаладағы әртүрлі нысанды қарап жатыр. Әкім аппараты орналасатын ғимарат әлі қаралып жатыр", – деді облыс әкімдігінің баспасөз хатшысы Руслан Сарсеев.
Айта кетері, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда ел халқына жолдауы кезінде бірнеше жаңа облыс құру туралы шешімді хабарлады. Соған сәйкес Алматы облысының құрамынан Жетісу облысы бөлініп шығады. Алматы облысының орталығы Қапшағай қаласы болады, қалаға Дінмұхамед Қонаев есімін беру ұсынылды.
Жаңадан құрылатын Жетісу облысының аумағында 352 елді мекені бар 8 аудан және 2 қала кіреді. Алматы облысында 380 елді мекені бар 9 аудан және 1 қала болады.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты