Алматы облысындағы зауытта жарылыс болған: 5 адам зардап шегіп, 1 адам қаза тапты
Алматы облысы Іле ауданындағы жылу оқшаулағыш плиталар шығаратын зауыттардың бірінде газ-ауа қоспасы жарылып, артынан өрт шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Іле ауданы Өтеген-Батыр ауылындағы зауыттардың бірінде газ-ауа қоспасы жарылды. ТЖД кезекші пультіне қоңырау бүгін, 31 тамызда, таңғы сағат 10-да түскен. Оқиға салдарынан 5 адам жарақат алып, 1 адам қаза тапты.
"Оқиға орнына бірден жоғары тұрған өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді. Шақыру орнына жеткенде 50 шаршы метр аумақта екі қабатты ғимараттың қабырға жабыны өртеніп жатқаны анықталды. Сондай-ақ жарылыс салдарынан ғимараттың шатыры мен қабырғалары опырылып, өрттің жалпы ауданы 1250 шаршы метрді құраған", – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Қазір оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр, оқиғаның себептері анықталуда.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.