Алматы облысында алабай 7 жасар қызды талап тастады
Алматы облысы Талғар ауданындағы Тұздыбастау ауылында алабай ит 7 жасар баланың бетін, арқасы мен жамбасын қауып алған. Қызды иттен көршісі әрең құтқарып қалды, деп хабарлайды Talgarnews басылымына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бала аулада ойнап жүрген. Алабайдың иесі үй жануарын байлаусыз қалдырып кеткен. Ит баланың бетін, арқасы мен жамбасын қауып алған.
Иттің шабуылына ұшыраған қыз есеңгіреп қалыпты. Туыстарының айтуынша, алабай баланың бетін, арқасын және жамбасын қауып алған. Бетіндегі жараларды тігу керек болды. Денесінде де жаралар бар.
Иттің иесі зардап шеккен балаға емделуі үшін 30 000 теңге төлеген. Бірақ ата-ана агрессивті ит иесінің немқұрайлылығы үшін жазаны күшейтуді және пластикалық операция үшін ақша талап етті.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"