Алматы облысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады
Алматы облысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбадан №203 жолаушылар автобусының жолдың шетіне шығып кеткенін көруге болады.
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 26 маусым күні "Алматы-Көкпек-Көктал" тасжолының 24-шақырымында болған.
"54 жастағы жүргізуші көліктің рөлін басқара алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ", – делінген полиция хабарламасында.