Алматы облысында жол жабылып қалды
Алматы облысында ауа-райының қолайсыздығына байланысты жол жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық ТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы облыстық "ҚазАвтоЖол" филиалы мен "Қазақавтодор" Алматы облыстық филиалының мәліметтері бойынша 2021 жылғы 4 қаңтарда таңғы сағат 10.30-дан бастап ауа-райының нашарлауы - қатты дауылдан жол көрінбейтіндіктен, республикалық маңызы бар "Үшарал-Достық" жолында көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс жабық", - делінген хабарламада.
Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды осы бағытта жолға шықпауын және 112 қызметі жіберетін sms хабарламаларын ескеруді сұрайды. Құтқарушылар алыс сапарға шыққанда ауа-райы болжамымен танысып, экстремалды жағдайларда көмектесетін барлық қажетті заттарды алып кетуді өтінеді.
Баланы ерте жастан мектепке беру оның болашағына инвестиция ма, әлде балалықты ұрлау ма?
Психолог ең алдымен баланың физикалық дайындығын ескеру қажет екенін жеткізді
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады