Алматы облысында автошеру ұйымдастырған түлектердің ата-аналары жарты миллион теңге айыппұл төлейді (видео)
Алматы облысы Қаскелең қаласында оннан аса көлік жол ережесін өрескел бұзған. Даулы видеодан кейін көліктер айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде тараған видеодан 10-нан аса көліктен тұратын кортеждің жол ережесін бұзғанын, ал терезесінен бірнеше адамның шығып алғанын көруге болады.
Полиция ұсынған ақпаратқа сәйкес, 25 мамырда мектеп түлектері Lexus LX-570, Toyota Camry, Lexus ES 300, Kia Rio Luxe, Toyota Land Cruiser 200, BMW 530, Lexus GS 300, Toyota Land Cruiser Prado көліктерінің қатысуымен автошеру ұйымдастырған.
"Даулы кортеждегі көлік жүргізушілері анықталды. Оларға қатысты жалпы сомасы 520 710 теңге болатын 39 әкімшілік хаттама толтырылды", - делінген полиция ұсынған хабарламада.
Автокөліктер тәркіленіп, айып тұрағына қойылған.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан