Алматы облысында жаңбыр салдарынан Көлсайға баратын жолды су басты (видео)
Алматы облысында ауыл мен Көлсайға баратын жолды су басты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, су басуға толассыз жауған жаңбыр себеп болған.
"23 маусымда Кеген ауданы Көкпек-Түп-Жалаңаш-Саты-Құрметті республикалық маңызы бар тас жолдың 11 шақырымын жаңбыр салдарынан су басқаны туралы ақпарат келіп түсті", - делінген Алматы Төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпаратта.
Ведомстводағылар жауынның тоқтап, су деңгейінің төмендегенін айтты.
"Көлік қозғалысы шатты режимде жалғасып жатыр", - деп қосты Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.
Айта кетейік, бұған дейін жауын салдарынан Жамбыл облысында сел жүргені туралы хабарлаған едік. Салдарынан екі шаруашылық нысаны зақымдалған.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"