Алматы облысында туризм саласына құйылған инвестиция көлемі 9,9 млрд теңгені құрады
Алматы облысында туризм саласын дамыту басым бағыттардың бірі. Өңірде туризм саласына құйылған инвестиция көлемі 9,9 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі жоспарды жүзеге асыру шеңберінде облыс келесі мақсатты қойып отырғанын айтты. Туризмді дамытуға қолайлы жағдай жасау, ішкі және келетін туристер санын арттыру, сондай-ақ осы салаға инвестиция көлемінің өсуін арттыру.
Алматы облысы бірегей табиғи әлеуеті мен бай тарихи-мәдени мұрасы бар, жалпы туризмді дамыту үшін дамыған көлік-логистикалық инфрақұрылымы бар еліміздің қаржылық, мәдени, туристік, білім беру орталығы болып табылады.
Өткен жылы бұл салада 21 жоба жүзеге асырылып, 9,9 миллиард теңгенің инвестициясы тартылды, көрсетілген қызмет көлемі 1,4 есеге өсіп, 6,6 миллиард теңгені құрады. Сондай-ақ "Іле-Алатау", "Шарын", "Көлсай көлдері" ұлттық саябақтарына миллионға жуық адам келген.
Шаңғы туризмінің әлеуеті бүгінде тәулігіне 7,5 мың шаңғышыдан 2030 жылға қарай 50 мыңға дейін ұлғайтылуы мүмкін. Тау кластерін дамыту есебінен облыс экономикасындағы туризм үлесін 2021 жылы 3 пайызды құраса, 2025 жылға қарай 6 пайызға дейін арттыру жоспарлануда.