Алматы облысында төрт адам ауруханаға баса көктеп кіріп, төбелес шығармақшы болған
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында төрт адам ауруханаға баса көктеп кіріп, төбелес шығармақшы болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Тергеу барысында екі азаматтың арасында "Наурыз" мерекесінен кейін жанжал туып, арты төбелеске ұласқаны анықталды. Нәтижесінде оның біреуі денсаулыққа зиян келтіретін затпен екіншісін жарақаттаған. Жәбірленуші хирургиялық бөлімге жеткізілген. Күдікті бірнеше жолдасымен бірге жәбірленуші емделіп жатқан медициналық мекемеге "бастаған ісін аяқтамақшы" болып келген.
“Төрт адамның заңсыз әрекеттері видеоға түсірілген. Жоғарыда аталған адамдар мен қылмыстың негізгі фигуранты ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта жәбірленушіге қатысты денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды”, – дедә облыстық ПД ресми өкілі Ернар Сайділдин.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады
Желі қолданушысы: "Қазақтың жерлеу рәсімін жек көремін"
Не себепті Қазақстанда туу көрсеткіші Ресейден жоғары? Сарапшылар мұның пайдасы мен зиянын айтып берді
Демограф: “Жастар арасында child free ұстанымына бет бұру үрдісі бар”