Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тәртіп бұзушыны тоқтатпақ болған полицей комаға түсті

Алматы облысында тәртіп бұзушыны тоқтатпақ болған полиция қызметкері комаға түсті. Полицейдің өміріне қол сұғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Облыстық полиция департаменті 16 ақпанда Балқаш ауданы Бақбақты ауылында патрульдік полиция қызметкерлері Toyota Camry көлігін тоқтатқанын хабарлады. 42 жастағы ер адам қызметкерлердің құжаттарды көрсету талабын елемей, қашып кетпек болған.

Тәртіп сақшыларының бірі рульді ұстап, көліктің кілттерін жұлып алып, қозғалған көлікті тоқтатпақ болған. Жүргізуші қатты жылдамдықпен бірнеше метр жүріп, қызметкерді басып кеткен.

"Күдікті қызметкерді көлікпен бірнеше метрге сүйреп, лақтырып жіберген. Ол құлаған кезде ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, оған шұғыл ота жасалды. Қазір полицей комада, дәрігерлердің бақылауында. Жүргізуші оқиға орнынан бой тасалап, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", –  деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінен.

Ведомствоның мәліметінше, бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 380-1-бабының бірінші бөлігі “Құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғу” бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Талқылау