Алматы облысында сот пен сот приставы жемқорлық үшін сотталды
Алматы облысы Іле аудандық соты Талғар аудандық сотының судьясы Байғалиев пен осы соттың приставы Раймбековқа қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz
Сот приставы сот пен пара берушінің арасында делдал болған. Олар жас балаға зорлық-зомбылық жасаған адамның медициналық сипаттағы шараларынан өту шарттарын өзгерткен. Айыпталушылар 2 миллион теңге мөлшерінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Байғалиев 4 жыл бас бостандығынан айырылды, ал делдал болған Раймбековке 20 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ сотталғандар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
“Қылмыстық кодекстің 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады”, – делінген хабарламада.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін танымал фотограф 22 жастағы қызды зорлағаны үшін сотталған еді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі