Алматы облысында парапланмен ұшу кезінде қыз зардап шекті
Фото: ТЖМ
Алматы облысының Қарасай ауданында парапланерист қыз жерге қону кезінде қатты зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 1985 жылы туған әйел Қаскелең шатқалында парапланмен ұшу кезінде қатты қонған.
Оқиға орнына жедел түрде Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жеткен.
"РЖҚЖ құтқарушылары оқиға орнына жетіп, зардап шегушіні 500 метр жерде күтіп тұрған жедел жәрдем көлігіне дейін эвакуациялады", – делінген хабарламада.
Алматы облысында жоғалып кеткен тікұшақ ұшқыштарының туыстары үндеу жариялады
АҚШ-та жолаушылар ұшағы өртеніп кетті
Еске салайық, бұған дейін 15 шілдеде Ақтөбе қаласында Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанты оқу-жаттығу кезінде парашютпен секіру барысында қаза тапты. Парашют ашылмай, курсант ауыр жарақат алған. Қазіргі таңда бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қорғаныс саласының басшылығы марқұмның туыстарына көңіл айтып, барлық қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"