Алматы облысында өрт салдарынан 3 бала көз жұмды
Алматы облысының Есік қаласында жеке тұрғын үйдің өртенуі салдарынан үш бала қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өрт 4 наурыз күні болған.
Сонымен қатар, Еңбекшіқазақ ауданының ауданаралық көп салалы ауруханасына өрттен зардап шеккен 68 жастарғы адам жеткізілді. Оның жағдайы өте ауыр деп бағаланды.
"Жағдайдың ауырлығын ескере отырып, барлық жетекші медициналық мамандар тартылды, дәрігерлер пациенттің өмірін құтқару үшін барлық күш-жігерін жұмсауда", - деді аудан ауруханасының баспасөз қызметінде.
Сондай-ақ, аурухана ұжымы оқиғаны орны толмас қайғы екенін атап өтіп, балалардың ата-анасына, туған-туыстарына көңіл айтты.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі