"Сен шаршаттың": Алматы облысында оқушыға дауыс көтерген мұғалім жұмыстан шығарылмады
Алматы облысы Іле ауданында оқушыға дауыс көтерген мұғалім әкімшілік жауапкершілікпен құтылып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, мектепте болған жағдай Іле аудандық полиция басқармасында тіркелген. Кәмелет жасқа толмаған балаға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.
“Қазіргі уақытта мұғалімге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік қылмыстық кодекстің 73-бабына (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) сәйкес қатаң сөгіс жарияланды. Сот-медициналық сараптама қорытындысы шыққаннан кейін бұл материал әкімшілік сотқа жолданады”, – делінген хабарламада.
Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін әлеуметтік желіде мұғалімнің 8-сынып оқушысына дауыс көтеріп, жекіп жатқаны түсірілген видео тараған еді. Бейнежазбаны оқушының анасы түсіріп алған.

Министр Нұртілеуді ұстады деп жалған ақпарат таратқан Orda.kz құрылтайшысы кім және оны қандай жаза күтіп тұр?
