Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мектепте дәретхана салу үшін ата-аналардан ақша жинаған

Әлеуметтік желіде Алматы облысы Панфилов ауданында мектепке дәретхана салу үшін ата-аналардан ақша жинауда деген ақпарат таралды. Хабарламаға қатысты құзырлы органдар пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

дәретхана

Видеода мектептің дәретханасы түсірілген. Мұнда ақшаны қайда аудару керектігі де айтылыпты. 

“Мынау не деген сұмдық? Мектепке кафельді халыққа ақша жиналып салдыруда. Сонда бұған ақша бөлінбей ме? Бұл қалай? Президентіміздің тапсырмасымен қазір барлық жерлерде мектеп дәретханасы іште орналасу керек. Министр мырза мынау не деген сөз?Тексерулеріңізді сұраймыз!” – делінген әлеуметтік желіде таралған хабарламада. 

Панфилов ауданы әкімдігінің өкілдері дәретхананы ата-аналар өз бастамасымен салып жатқанын мәлімдеді. 

"Мектеп екі корпустан тұрады. Бір корпусында ғана ішкі әжетхана бар. Екінші корпуста әжетхана жоқ. Ата-аналар өз бастамаларымен ішке әжетхана салғызып жатыр. Қаржы жетпей ата-аналар демеуші іздеген. Қазір құрылыс жұмысы 90 пайыз аяқталған. Өздері аяқтайтынын айтуда", – дейді әкімдік өкілдері. 

Талқылау