Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мас ер адам балалар отырған көлікке тас лақтырған: Сегіз жастағы қыз жараланды

Алматы облысында мас ер адам өтіп бара жатқан көлікке тас лақтырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

/facebook.com/dina.tansari.kz

Көлік ішінде төрт бала мен олардың ата-анасы болған.

“Жеті жасар қыз зардап шекті. Күдікті бостандықта! Соққы мен жеңіл дене жарақатын қылмыссыздандыру осындай нәтижелерге әкеледі. Ұрып-соғып, мүлікке зиян келтіруге болады және бұл үшін тек айыппұл салынады”, – деді “Не молчи” қорының жетекшісі Дина Таңсәрі. 

10 шілде күні талдықорғандық ерлі-зайыптылар Алакөл ауданының полициясына жүгінген.

“Арызданушылар әрекетінің салдарынан кәмелетке толмаған баласы зардап шеккен белгісіз тұлғаға шара қолдануды талап етті. Ерлі-зайыпты балаларымен бірге Алакөлге келіп, жағалаудан пансионат іздеп жүрген. Ақши ауылында олардың “Мерседес Бенц” көлігіне белгісіз ер адам тас лақтыра бастаған. Көлік ішінде ересектерден басқа кәмелетке толмаған төрт бала болған. Салдарынан көлікке техникалық зақым келтіріліп, олардың 8 жасар қызы ауыр дене жарақатын алған.  



Ұйымдастырылған жедел-іздестіру іс-шаралары барысында демалушылардың бірі ұсталды, ол 28 жастағы Жаркент қаласының тұрғыны болып шықты. Айғақтарында ер адам мас күйде болғанын түсіндірді. Іс жүзінде қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – деді Полиция департаментінде.

Қазіргі уақытта қыз облыстық балалар ауруханасында жатыр. Тергеу барысында құқық бұзушыға қатысты "келуге міндетті" процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Іс бойынша барлық тергеу әрекеттері облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауына алынған.

Талқылау