AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Баланы құтқарамыз деп, судан шыға алмай қалды": Қызу талқыға түскен видеоның кейіпкерлері жайлы мәлімет белгілі болды (видео)

Әлеуметтік желіде арнайы форма киген жігіттердің шамамен 12-13 жастағы баланы ағын судан құтқару сәті қызу талқылануда. Желі қолданушылары бұл адамдар үшін уайымдап, олардың қай ел азаматтары екенін өздерінше топшылады. Дегенмен көпшілік олардың қазақстандық емес екеніне сенімді болды. Бұл оқиғаның мән-жайы белгілі болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде тараған кадрларда қатты ағыс алып кеткен баланың артынан полиция киіміндегі үш ер адам мен тағы бір баланың жүгіріп келе жатқаны көрінеді. Екі ер адам суға секіріп, нәтижесінде олар баланы құтқарып қалады. Алайда суға секірген тәртіп сақшыларының өздері ағын сумен төмен қарай түседі. Видеоның соңында олар суға батып кеткендей болып, көрінбей қалады.

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі видеода болған оқиғаның басқа елде түсірілгенін, себебі "оқиға туралы кезекші қызметкеріне шақырту түспегенін" мәлімдеді.

Қытайлық БАҚ жағдай туралы ақпарат таратты. Оқиға Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында орналасқан Қызылсу-Қырғыз автономиялық облысының қалалық округі мен астанасы Артушта  болғаны белгілі болды.



"Үш патрульдік қызметкер сүзу каналына батып бара жатқан 11 жасар баланы тапты. Тәртіп сақшылары Өміржан Тұрғын мен Рахманжан Мұхтар оған көмектесу үшін суға секірді. Каналдың екі жағындағы тегіс тас тақталар болғандықтан екеуін ағыс алып кетті. Полиция соған қарамастан баланы аман алып қалды", – деп хабарлайды China News басылымында.

Рахманжан Мұхтар әріптесінің шыға алмай жатқанын, ағыс төмен әкетіп бара жатқанын көрген.

"Денедегі жаралары мен шаршағанына қарамастан, ол тез арада әріптесіне қарай жүгіріп, оны құтқару үшін екінші рет каналға секіреді. Ең соңында полиция жағаға шыға алған. Өміржан Тұрғын құтқару операциясы кезінде аяғы мен белінен жарақат алған, сондай-ақ әртүрлі дәрежедегі басқа да жарақаттары бар", – деп атап өтті басылым.

Ал бала бірден емделуге ауруханаға жіберілді, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр