AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астық салынған бөшке 13 жасар бала мен оның әпкесін құм секілді сорып әкеткен

Оңтүстік Африканың Йоханнесбург маңындағы фермада әйел мен оның жиені астық сүрлеміне құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Metro сайтына сілтеме жасап.

13 жасар Кернилс Раутенбах досымен ойнап жүріп, астық құйылған арнаға құлап, көмекке шақыра бастаған. Баланың дауысын оның тәтесі, 33 жастағы Джеки Раутенбах естиді. Ол жиенін шығарып алмақ болады, алайда аяғы тайып кетіп, өзі де астық бөшкесіне құлап түседі. Джекидің күйеуі жақын жерде болса да, ол Кернилске де, соңынан құлаған әйелге де көмектесе алмайды.



Астық құйылған бөшке құм сияқты адамдарды сорып алады, одан өз бетімен шығу мүмкін емес. Егер құлап кеткен адам шығып үлгермесе, тұншығып қайтыс болады. Басқа шаруалардың айтуларынша, туыстары құлап кеткенде олар жұмыс істеп, әйел мен жасөспірімді кеш тауып алған.

Оқиға орнына дәрігерлер шақырылып, олар Раутенбахтардың қайтыс болғанын хабарлады. Полицейлер өлімнің мән-жайын анықтап жатыр. Тергеушілер туыстары жазатайым оқиғадан қайтыс болды деп есептейді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр