Алматы облысында күшікті тірідей өртеп жіберді
Желіде Алматы облысында бірнеше жігіттің күшікті тірідей өртеп жіберген видеосы пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Алакөл ауданындағы Қабанбай ауылында болған. Кадрдан екі жігіттің күшікті қапқа салып, үстіне бензин құйып өртегенін көруге болады.
Алматы облысындағы жануарларды қорғау қорының өкілдері құқық қорғау органдарына өтініш білдірді.
Алматы облысының полиция департаменті аталған факті ҚР ҚК-нің "Жануарларға қатыгездік жасау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгендігін мәлімдеді.
Алакөл аудандық бөлімі аумағы бойынша осы қатыгез қылмыс жасаған адамдарды анықтауға және оларды ұстауға бағытталған жедел және тергеу іс-шараларының кешенін жүргізеді.
Полицияда жауыз жігіттер заңға сәйкес міндетті түрде жазаға тартылатынын түсіндірді.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған