Алматы облысында қараусыз қалған ғимараттан жаңа туған нәрестенің денесі табылды
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында қараусыз қалған ғимараттан жаңа туған нәрестенің денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Алматы облыстық полиция департаменті ақпаратты растап, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
"Жаңа туған баласын өлтірді деген күдікпен сәбидің анасы ұсталды. Қазір күдікті әйел ауруханаға жатқызылған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін кешенді тексеру жүргізіліп жатыр", – делінген полиция хабарламасында.
18 жастағы қыз әуежайда босанып, сәбиін дәретханаға тастап кеткен
Полиция қылмыстық-процестік кодекске сәйкес, қылмыстық іске қатысты өзге ақпараттың жарияланбайтынын атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда қоқысты сұрыптау кезінде жаңа туған нәрестенің денесі табылғаны туралы жазған едік.
Мұғалімнің қысымынан көз жұмды деген Ясминаның соңғы хабарламалары жарияланды
Айтуынша, Ясмина жігітпен қарым-қатынасын тоқтатқанын, сөйлеспейтінін айтып, мұғалімнен үнемі кешірім сұрап келген
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді