Құны 7 миллиард теңге: Алматы облысында ерлі-зайыпты ірі көлемде есірткі өндірген
Алматы облысында жас жұбайлар саяжайда ірі зертхана ашып, синтетикалық есірткі өндірісін қолға алған. Есірткінің тауар айналымы – 7 миллиард теңге, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Саяжайда әйелі мен күйеуі есірткі зертханасын жабдықтап, химиялық реакцияға арналған агрегаттарды, өнеркәсіптік сорғышты есірткіні кептіруге арналған бөлмеде іске қосқан.
Полицейлер екі зертханалық реакторды, 100 келі синтезделген есірткі ұнтағын және 800 литрден астам есірткі өндіретін прекурсорларды тәркіледі.
Полицейлер Астана телеарнасының бағдарламасында ерлі-зайыпталар туралы ақпарат берді.
- Алматы маңында шетелдіктер жалдамалы үйде есірткі дайындаған
- Қазақстанда есірткіні үй жағдайында қолданғандар жауапкершілікке тартылмақ
Мұндай шикізат ең күшті синтетикалық препараттардың 550 мың дозасын өндіруге жеткілікті. Ерлі-зайыпты оларды сатып, 7 миллиард теңгеден астам ақша таба алатын еді.
Айта кетейік, аса ірі мөлшерде, тіпті, топ құрамында есірткі өндіргені үшін ұсталғандар мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін түрмеге жабылады.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн