Қолдарын байлап, пышақпен қорқытқан: Алматы облысында белгісіз ер адам төрт баланы азаптаған (видео)
Алматы облысы Жамбыл ауданында белгісіз ер адам төрт баланы байлап, ұрып-соғып, азаптады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Видеода ер адамның балаларды қорқытып, пышақпен қорқытқанын көруге болады. Балалар мұны істеген Бақытжан деп айтты.
“Кәмелетке толмағандарға шабуыл жасаған әрекет туралы арыз бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті анықталып, оған қатысты ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. Аталған дерек бойынша облыстың барлық аудандық бөлімшелері мен өңірлік полиция органдары бағдарланды. Басқа ақпарат қосымша беріледі”, – деді Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов
Полиция басқармасының бастығы қылмыстық істі өз бақылауына алғанын айтты.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді