Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында блок-бекетте жеті баланың анасы жоғалып кетті

Жеті баланың анасы, 1985 жылы туған Қапшағай тұрғынын соңғы рет Қарасай ауданындағы блок-бекеттен көрген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жоғалды

Болған оқиғаның мән-жайын Facebook парақшасында "НеМолчи.kz" қорының жетекшісі Дина Тансари хабарлады.

"Бізге Қапшағай қаласының 1985 жылы туған тұрғыны Мариям Жұманованың туыстары өтініш білдірді. Мариям Алматы хостелінде жұмыс істейді. 7 сәуірде ол жұмыстан шығып, Ол 7 сәуірде жұмыстан шығып, Қарасай ауданы Теректі ауылына келініне барған. Онда оны блок-бекет арқылы өткізбеді. Мариям келініне қоңырау шалып, телефоннының қуаты бітетінін айтқан. 40 минуттан кейін келіні бекетке келіп, олар кездесуге тиіс еді, бірақ әйел ол жерде болған жоқ", - дейді Тансари.


Жалғасы қалай болды?

Алматыда жоғалып кеткен 7 баланың анасы мас күйінде табылды

"НеМолчиKz" басшысының айтуынша, блок-бекетте Мәриям өткізбеген соң ұрыс шығарған. Сондықтан кезекші оқиғаны видеоға түсірген. Осы роликтің көмегімен туыстары жоғалып кеткен әйелді соңғы рет көргенін айтқан.

"Кезекші күзетшінің айтуынша, Мариям түрік ұлтының өкіліне ұқсайтын бір еркекпен кеткен.  Бұл шамамен 7 сәуірде сағат 16:00-де болған", - деді Тансари.

Алматы полициясы департаментінде болған оқиғаға түсініктеме берді. Ведомствоның хабарлауынша, Жұманованың жоғалып кетуі туралы арыз полицияға 11 сәуірде келіп түскен. Жақын туыстары тәртіп сақшыларына 7 сәуірде жоғалып кеткенін және соңғы рет Алматы облысы Қарасай ауданының аумағындағы блок-бекетте көргенін айтты. 

"Алғашқы жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында жоғарыда көрсетілген деректер расталды. Осыған байланысты іздеу ісін Қарасай ауданының полиция басқармасына аумақтылығы бойынша беру туралы шешім қабылданды, онда Жұанованың орналасқан жерін анықтау мақсатында жедел және арнайы іс-шаралар кешені өткізіледі", - деп хабарлады ведомствода.

Ақпаратқа сәйкес, жоғалған әйел қара былғары күртеше, қара көйлек, күлгін шалбар, қара жартылай етік киген. Шашы қара түсті, қысқа кесілген, бойы - 1,5 метр, салмағы - 50-55 килограмм.

 

Талқылау