Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында бала зорлады деген күдікке ілінген ер адам соттан қашып кетті

Қаскелеңде бала зорлады деген күдікке ілінген ер адам Қарасай аудандық мамандандырылған сот аумағынан қашып кетті. Полиция күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Іnstagram.com/kaskelenkz

Күдікті бүгін сағат 10:35 шамасында Қаскелең ауданының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынан қашып шыққан.

30 жастағы айыпталушы Еңбекшіқазақ облысының тумасы. Оған бала зорлады деген айып тағылып, "Зорлау" бабы бойынша күдікке ілінген. Қазір ауданда "Сирена" режимі жарияланды.

Алматы облысының полиция департаменті күдіктінің Қарасай аудандық сотының аумағынан қашып кетуіне қатысты пікір білдірді.

“М.-нің тергеу-қамаудан қашып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қашқынды ұстау үшін кешенді шаралар жүргізіліп жатыр. Оған қоса, болған жағдайдың анық-қанығын анықтау үшін қызметтік тексеріс тағайындалды”, – деп мәлімдеді Алматы облысының полиция департаменті. 

Полциция тұрғындарды сабырға шақырды. Сондай-ақ іздестіріліп жатқан адамның жүрген жері туралы ақпарат болған жағдайда дереу 102 нөміріне хабар беру керегін айтты.

Талқылау