Алматы облысында "Ауыл аманаты" бағдарламасы іске қосылды
"Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарының табысын арттыру аясында Алматы облысының тұрғындары жеңілдетілген шарттармен несие алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының төрағасы міндетін атқарушы Коюмчан Омаровтың айтуынша, "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында Алматы облысының ауыл тұрғындарының табысын арттыруға 8,3 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған.
“Ауыл аманаты" ауыл тұрғындарының табысын арттыру бағдарламасына қаладан бөлек – Қонаев, Есік, Талғар және Қаскелең қалалары облыстың барлық 133 ауылдық округтері қатысуда. 6 аудан бойынша 22 млрд теңгеге 3582 өтініш, оның ішінде 4,645 млрд теңгеге 646 өтініш қарауға елеулі ескертулерсіз түсті”, – дейді ол.
Коюмчан Омаровтың айтуынша, қазіргі уақытта "СПК Қонаев" АҚ қарауына 1 289,4 млн.теңгеге 187 өтініш ресми түрде қабылданды.
“Ұсынылған құжаттарды сараптау бойынша жұмыстар жүргізіліп, 180,4 млн.теңгеге 27 өтініш қанағаттандырылды.Бағдарлама шарттарына сәйкес, берілетін несиелердің ең жоғары мөлшері жеке кәсіпкерлер үшін 2 500 АЕК дейін (8 625,0 мың теңгеге дейін), кооперативтер үшін 8 000 АЕК дейін (27 600,0 мың теңгеге дейін) құрайды”, – дейді ол.
Сонымен қатар бүгінгі таңда облыста 11 кооператив тіркеліп, осыншама санды қосымша құру жоспарлануда.
“Мәселен, Жамбыл облысында – ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу бойынша 2 кооператив, Райымбек ауданында – картоп өсіретін 2 және асыл тұқымды мал өсіретін 1 кооператив, Кеген ауданында – асыл тұқымды мал өсіруге бағытталған 5, Ұйғыр ауданында – асыл тұқымды мал өсіру бойынша 2 кооператив”. – дейді Коюмчан Омаров.
Әрбір кооперативті құру кезінде кемінде төрт жұмыс орны ашылады. "Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша құрылған 22 кооператив негізінде 88 жұмыс орны ашылады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік