Алматы облысында "Алтын орда" базары директорының орынбасары ұсталды
Алматы облысында "Алтын орда" базары басшыларының бірі ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сурет: 5region
Оқиға 2 маусымда болды. Қарасай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне BMW маркалы автокөлікте қарулы адамдар бар екені туралы ақпарат келіп түсті. Ұсталғандардың арасында "Алтын орда" базары директорының орынбасары болды.
Полицияның хабарлауынша, "Қаруды оқ-дәрілерді жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Алайда базардың баспасөз қызметі ұсталғандардың қару ұстауға рұқсат қағаздары бар екенін айтты.
"Мәйіттің арқасы көгерген": ҚазҰУ-да жатақханадан өлі табылған студенттің анасы қызының өліміне қатысты күмәнін айтты
Қыздың анасы қызының өліміне қатысты барлық мән-жайдың анықталып, шындықтың ашылғанын қалайтынын айтты
Қара түтінге шағымданған алматылыққа зертханалық сараптаманы өзі жүргізу талап етілген
Ғимарат Қарасу шағын ауданында орналасқан