Алматы облысында алты адам жолда қалып қойған
10 ақпанға қараған түні Еңбекшіқазақ ауданы Нұрлы ауылынан 20 шақырым жерде алты адамы бар екі көлік жолда тұрып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға орнына құтқарушылар шықты.
"Шақыру орнына дейінгі қашықтық – 170 км. Құтқарушылар қарға батып қалған техника мен ондағы адамдарды алып кетті. Медициналық көмекті ешкім қажет етпеді", – деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметі.
Азаматтарды құтқарушылар жақын елді мекенге дейін алып келді.
"Қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды және дауыл туралы ескертулер мен жолдардың жабылуы туралы SMS алған кезде алыс жолға шықпауды сұраймыз", – деп хабарланды ведомоствосында.
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Мұндай істі міндеттесе мектеп басшылығына 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады
Түркістандық көпбалалы ана үйіне келіп жәрдемақыдан бас тартуды талап еткендерге шағымданды
Әсел: "Сөйте тұра маған “сіз А категориясындағы отбасына жатасыз" деді"