Алматы облысында АИТВ-дан көз жұмған 9 жасар баланың ата-анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Алматы облысында АИТВ инфекциясынан көз жұмған 9 жасар баланың ата-анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, "балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұл бап бойынша ата-ана 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
9 жасар баланың расталған АИТВ оң статусына қарамастан, ата-анасы оған вирусқа қарсы препараттарды беруден бас тартып, оларды өздері қабылдамаған. Ерлі-зайыптылар ұлдарының да, өздерінің де диагнозына сенбеген. Баласы ауырып қалғанда ата-ана АИТВ инфекциясы туралы ақпаратты жасырып, балалар ауруханасына алып барған.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында АИТВ инфекциясынан 9 жасар бала көз жұмғаны туралы жазған едік.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі