Өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген: Алматы облысында жоғалып кеткен 17 жастағы қыздың денесі табылды
Алматы облысында із-түссіз жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды. 2005 жылы туған қыздың жоғалғаны туралы арыз 27 мамырда келіп түскен, ал қыз 24 мамырда жоғалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қыздың қайда екенін анықтау үшін жедел-тергеу тобы құрылған. Топ қыздың жоғалуына қатысы болуы мүмкін азаматтарды анықтаған.
Олар – 1992 жылы туған К. есімді және 2001 жылы туған Б. есімді азаматтар. Екеуі қызбен жоғалып кеткен күні көшеде танысқан.
Алматы облысының тұрғындары қызды өлтіргендерін мойындап, Қапшағай су қоймасы маңында жерлеген орынды көрсеткен. Ер адамдар қылмыс ізін жасыру үшін мәйітті өртеп жіберген.
Қыздың не себепті өлгенін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Үш баласы анасыз қалды: Павлодарда жаңа босанған гинеколог әйел көз жұмды
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"