Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 17 жасар жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті

Алматы облысында 17 жасар Равиль Авамуслимовты іздеп жатыр. Полицейлерден басқа еріктілер, кинологтар мен сүңгуірлер жұмылдырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап. 

Жасөспірім бүкіл отбасы табиғатқа демалуға барған күні жоғалып кеткен, ол үйде жалғыз қалған. Ата-анасының айтуынша, Равиль өзімен бірге рюкзак алып кеткен, содан бері оның қайда екенін ешкім білмейді.

Әкесі 17 жасар жасөспірімнің ең болмағанда іздерін табуға үміттенеді.

"Біздің алғашқы әсеріміз, біз бірден ойладық: жақсы, ол қайтып келеді, жарайды. Мен көшелермен жүріп өттім, анда-мұнда қарадым - магазинге кеткен шығар, басқа жерге кеткен шығар деп. Сағат 3:00-ге дейін іздедік. Оның шомылатын жерін, баруы мүмкін жерлерді қарадық. Достарынан сұрадық, туыстарынан сұрады. Біз оны еш жерден таба алмадық", - деді жоғалған жасөспірімнің әкесі Үсен Авамуслимов.

Іздеу операциясы Қазтай ауылында жалғасты. Жеткіншек осы ауылда тұрған.

Полицияның хабарлауынша, ата-анасының өтінішінен кейін жеке құрам дереу іздеу жұмыстарына жұмылдырылды, жақын аудандардың қызметкерлері де қосылды.

Бұл факт хабар-ошарсыз кеткен адам фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу тізіліміне тіркелді.

Полицияда әлі нақты нұсқалар жоқ. Ұқсас белгілері бар жігіттер көрші аудандарда байқалған. Бірақ ақпарат расталмады.

Талқылау