Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 17 миллион теңгенің балығын заңсыз аулаған браконьерлер құрықталды

Алматы облысында браконьер тобы құрықталды. Олар өндірістік көлемде заңсыз балық аулаумен айналысқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

браконьер рыба

Фото ашық дереккөзден алынды

Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, топ Іле өңіріндегі Сорбұлақ көлінде балық ұстаған. Топтың құрамында 21 мен 45 жас аралығындағы он бір адам болған.

Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленовтің айтуынша, олардың Қытай өндірісінің тыйым салынған торларын қолдана отырып, балық ресурстарын заңсыз аулаумен айналысқаны белгілі болған.

“Браконьерлерден үш тоннаға жуық сазан балығы, жүзу құралдары мен браконьерлік аулаудың әртүрлі құралдары, сондай-ақ атыс қаруы мен оқ-дәрілердің әртүрлі түрлері тәркіленді. Аталған дерек балық ресурстарын заңсыз өндіру, атыс қаруын заңсыз сақтау түріндегі қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша тіркелді. Істің негізгі фигуранттары УҰИ-ға қамаққа алынды", - дейді Әленов.



Полиция сондай-ақ жоғарыда аталған көлде балық ресурстарын өндіру ұйымдасқан сипатқа ие болғанын және елдің әртүрлі аймақтарына тұрақты негізде тарату жүзеге асырылғанын атап өтеді. Тек тәркіленген балық бойынша ғана мемлекетке 17 миллион теңгеден астам соммаға материалдық залал келтірілгені анықталған.

"Қазіргі уақытта істі тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сондай-ақ, олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде", - деп қосты Бауыржан Әленов.

Бұған дейін Алматыда полиция қызметкері есірткіге мас күйінде жол-көлік оқиғасын туындатқаны жайлы жазылған.

Талқылау