Алматыда полиция қызметкері есірткіге мас күйінде жол-көлік оқиғасын туындатқан
Алматыда полиция қызметкері есірткіге мас күйінде қызметтік көлікке соқтығысып, жол-көлік оқиғасын туындатқан. Осыған байланысты Алматы полиция департаменті түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желілерде Алматы полиция департаментінің аға жедел уәкілі, полиция майоры мас күйінде қызметтік автокөлікпен соқтығысып, жол апатын тудырғаны туралы ақпарат пайда болды. Сараптама барысында оның қанынан мефедрон табылды деген де ақпарат тарады.
Алматы полициясының баспасөз қызметі мас күйдегі қызметкердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу басталғанын растады.
"Тәртіптік комиссияның шешімімен ол ішкі істер органындағы қызметінен босатылды. Бірқатар басшылар тәртіптік жазаға тартылды. Бұл жұмыс ІІМ бақылауында", - деп хабарлады Алматы полиция департаменті.
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Мұндай істі міндеттесе мектеп басшылығына 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады
Түркістандық көпбалалы ана үйіне келіп жәрдемақыдан бас тартуды талап еткендерге шағымданды
Әсел: "Сөйте тұра маған “сіз А категориясындағы отбасына жатасыз" деді"