Алматы облысында 14 жастағы жасөспірімдер Toyota көлігін айдап әкеткен
Алматы облысында 14 жастағы жасөспірім Toyota Camry көлігін ұрлап кеткен. Оларды полиция ұстады, содан кейін жасөспірімдер қылмысын мойындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ізін суытпай бір сағат ішінде автокөлік базарының маңында ұрланған көлікті тоқтаттық. Салонда Алматыда тұратын 14 жастағы екі жасөспірім болған. Ұсталғандар ұрлық жасағанын мойындап, жай ғана айдағысы келгенін айтты", - деді Алматы облысының полиция департаменті.
Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 200-бабының 2-бөлігі - "Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену" бойынша тергеледі.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі