Алматы мен Шарджа арасындағы әуе рейстері жанданды
Алматы мен Шарджа арасындағы әуе рейстері қайта жанданатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 23 сәуірдегі шешіміне сәйкес, 1 мамырдан бастап Алматы мен Шарджа қалалары арасындағы әуе рейстері қайта жанданады.
Ұшақ аптасына 3 мәрте қатынайды.
Алматы мен Шарджа қалалары арасындағы тұрақты рейстерді "Air Arabia" әуе компаниясы 21 мамырдан бастап қайта жалғастырады.
"Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-320/321 типті әуе кемелерінде аптасына 3 рейс жиілігімен орындалады", - делінген комитеттің хабарламасында.
Қазақстан мен Түркия арасында әуе рейстері екі есеге қысқаратын болды
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған