Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы маңындағы демалыс аймағындағы атыс: Сот шешімі шықты

2020 жылдың күзінде Алматы маңындағы демалыс аймағында болған атысқа байланысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сот ісі Алматы облысының Іле аудандық сотында өтіп жатыр. Судья Еркен Сейітов жанжалдың себептерін түсініп, кінәлілерді анықтауы керек.

Оқиғаға қатысты алты ер адам жазаланды. Бұл Абзал Каленов, Ерік Бақтыбаев, Никита Охотский, Азамат Расулов, Жарқын Жапелов және Олжас Байтұрғанов. Олардың барлығы оқиғаның мән-жайын тергеуден бастап қамауда отыр. Оларға Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыс бойынша айып тағылуда.

"Бұл бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті бұзушылық, қоғамға айқын құрметсіздік білдіру, азаматтарға зорлық-зомбылық көрсету, сондай-ақ бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру, немесе сипатталған әдепсіз әрекеттер жасау қару-жарақ, пышақ, жезден және басқа денсаулыққа зиян келтіруге бейімделген заттарды қолданумен адамдар тобы жасаған ерекше қатігездік бойынша айып тағылды", - делінген ақпараттаү 

Сотталушыларға үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалады.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға былтыр Алматы маңындағы Байсерке ауылындағы демалыс аймағында болған. Атыс салдарынан демалыс аймағының иесі мен қызметкерлер жарақат алды.

Талқылау