Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы маңында белгісіз біреулер демалыс аймағының иесі мен қызметкерлерін атып кетті

Алматы маңындағы Байсерке кентінде демалыс аймағының иесі мен қызметкерлері оқ жарақатын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Демалушылар атысты видеоға түсірген және полицияны шақырған.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, 31 қазан сағат 15.50-де Іле ауданының кезекші бөліміне "Поляна" демалыс орнында атыс болғаны туралы хабарлама түскен. Полицейлер оқиға орнына жеткенде сағат 15.00-ге қарай медициналық маска таққан 15-20 адам демалыс орнына келгені және сол жерде мекеме иесімен - 1980 жылы туған ер адаммен жанжалдасып қалғаны анықталады. Содан соң олар оқ атқан. 

"К.Н. Кузнецовтың ішінен оқ тиген (резина оқ), сондай-ақ демалыс орнының қызметкерлері 1980 жылы туған М.С. Слямовқа (сол аяғына), 1994 жылы туған Я.А. Помазковқа (оң аяғына) оқ тиген. М. Слямов және Я. Помазков Алматы қаласындағы № 4 ауруханаға жеткізілді", - деді полициядағылар.

Белгісіз адамдар оқиға орнынан сұр түсті Mercedes w140 және ақ түсті Mercedes көлігімен қашып кеткен.

"Аталған дерек ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Оқиға орнанан 2-9 мм, 2-5,45 мм болатын 4 оқсауыт, резеңке оқ табылды", - деп қосты ведомстводағылар. 

Талқылау