Алматылықтар енді маска тағады: Қала коронавирус бойынша "сары" аймаққа өтті
Алматы коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық жағдай бойынша "сары" аймаққа өтті. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ербан Байтанаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Алматы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша "сары" аймаққа өткендіктен, санитарлық шаралар күшейтіледі. Қаулыға сәйкес:
- коронавируспен ауыратын адаммен жақын байланыста болғандарды қашықтан жұмыс істеуге және медициналық бақылауға ауыстыру;
- 7 күн ішінде телемедицина орталығы денгейінде ауырлығы жеңіл және асимптоматикалық пациенттерді амбулаториялық бақылауды қамтамасыз ету керек.
Қаулы 7 шілде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.
Құжатқа сәйкес адамдар жаппай жиналатын жабық мекемелерде маска тағуға кеңес беріледі:
- Сауда үйлері, сауда орталықтары мен жабық базарлғар;
- Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен банктер;
- Кинотеатрлар, театрлар, цирктер мен концерт залдары;
- Автобекеттер;
- Спорт шаралары мен конференциялар;
- Қоғамдық көлікте, метроға отырғанда және ұшақта.
Бұдан бөле,к жүкті әйелдерді және егуге болмайтын адамдарды қашықтан жұмыс режиміне ауыстыру ұсынылды.
Талқылау
ТЭЦ-тің газға ауысуы Алматыдағы лас ауа проблемасын шеше ала ма: Сарапшылар мегаполистегі қалың тұмша неден түзілетінін талдап берді
Қыстағы лас ауа деңгейі айына 70 темекі түтінін жұтқанмен тең
Бір айда самокат айдаған 6,5 мың адамға айыппұл салынған: Қазақстандық кикшеринг иелері тәртіп бұзғандарды қалай жазалайды?
Самокатты жоғалтса, 195 000 мен 840 000 теңге аралығында айыппұл салынады