Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайының жарығын өшірген: Терроризм жасады деген айыппен ер азаматқа қатысты іс қозғалды

Бас прокуратура қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайының жарығын өшірген ер адамға қатысты тергеуді бастады. Күдіктінің үстінен терроризм жасады деген айыппен іс қозғалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

әуежай

1-ші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжановтың айтуынша, 5 қаңтар күні Н. есімді азамат бір топ адаммен бірге Алматы қаласы әуежайының ұшу-қону жолағының жарығын өшірді.

"Ол өз әрекетімен стратегиялық нысанның қызметін тоқтатты, салдарынан ұшақтар жолаушылармен ұшып кете алмады және қуаттан ажыратылған ұшу-қону жолағында 10 сағаттан артық тұруға мәжбүр болды. Осы уақытта қарулы топ Алматы әуежайының ғимаратын қиратып, тонады", – деді Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Қазіргі кезде Н.-нің іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің 255-бабы – терроризм актісі бойынша сараланып жатыр. Оның қылмысы жиналған дәлелдемелермен расталады.

"Қаңтар оқиғасының ұйымдастырушылары мен қатысушыларын анықтау және оларды жауапкершілікке тарту жұмыстары жалғасуда", – деп атап көрсетті Қилымжанов.

Талқылау