Алматы әуежайының жаңа терминалын су басты (видео)
Алматы әуежайының жаңа терминалын су басты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан алынды
Алматыда қатты жаңбырдан кейін әуежайдың жаңа терминалын су басқан.
Желіде әуежай ғимаратының видеосы тарады. Видеода шатырдан жаңбыр суының ағып жатқанын байқауға болады.
Әуежай өкілдері тиісті шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді.
"Бұл мәселені жою үшін әуежайдың барлық қызметі жұмылдырылды. Қазір техникалық қызмет суды тазалап жатыр. Халықаралық рейстерге штатты режимде қызмет көрсетіліп жатыр”, – деп мәлімдеді әуежайдың баспасөз қызметі.
Еске салсақ, осыған дейін Алматы әуежайының жаңа терминалында терезе шытынай бастағаны туралы жазғанбыз.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді