Алматы әуежайының жаңа терминалы алғашқы жолаушыларын сәуір айында қабылдайды
Алматы әуежайының жаңа терминалы алғашқы жолаушыларын 2024 жылдың сәуір айында қабылдайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы әуежайынының вице-президенті Фатих Омур Қазақстан-Түркия экономикалық ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланған симпозиумында осы жаңалықпен бөлісті.
Өткен жылы әуежай 7 миллионнан астам жолаушыны қабылдаса, биыл 8 миллион жолаушыны қабылдаған. Мамандар жаңа терминалдың өткізу қабілеті айтарлықтай жақсы жұмыс істейтініне сенімді.
“Соңғы жылдары әуежай көп жолаушыларды қабылдады. Терминалдың құрылысы кестеге сәйкес жүргізілуде. Ол халықаралық рейстерге, ал ескісі ішкі рейстерге қызмет көрсететін болады. Қазақстан мен Түркияның экономикалық ынтымақтастығы әуе қатынасы арқылы тығыз болады деген сенімдемін”, – деді Алматы халықаралық әуежайының аға вице-президенті Фатих Омур.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"