Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар жаңа терминалдың терезеcі шытынап кеткеніне наразы: Ал Алматы әуежайы оның қалыпты нәрсе екенін айтады

Алматы әуежайының жаңа терминалында терезе шытынай бастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Kozachkov Telegram-арнасы

Kozachkov Telegram-арнасында Алматыдағы әуежайдың жаңа терминалы терезесінің бұзыла бастағаны көрсетілген.

“Ерекше ештеңе жоқ, жай ғана Алматы әуежайының жаңа терминалында терезелер шытынай бастапты”, – делінген постта.

Stan.kz тілшісі жағдайға орай Алматы әуежайының баспасөз қызметінен түсініктеме сұрады. Баспасөз хатшысы жаңадан салынған ғимараттарда жарықшақтың пайда болуы қалыпты нәрсе екенін түсіндірді.

“Әйнек қасбетіндегі мұндай жарықтар әдетте жаңадан салынған ғимараттарда пайда болады. Осыған байланысты болат конструкциялары бар ғимараттың бұл түрі үшін мықты шыны таңдалады. Бұл өте берік, мықты шыны, қос ламинатталған, өлшемі – 2x2,5 м және қалыңдығы – 41,5 мм. Жарықтар пайда болса да, бұл шыны құлап кетпейді. Ол берік шыны блок, сондықтан ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Шыны бөлік жақын арада ауыстырылады”, – делінген ведомоство хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтар Алматы әуежайындағы жаңа терминал қызметіне жаппай шағымданған еді.

Талқылау