Алматы әуежайында ауа райына байланысты рейстер кешігуі мүмкін: Әуекомпания ескерту жасады

Air Astana әуекомпаниясы ауа райына байланысты бірнеше рейстің кешігетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әуекомпания мәліметінше, Астанадағы ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің ротациялық кідірісі, сондай-ақ кестедегі өзгерістер жалғасқан.
“Бұған дейін әуе компаниясы Airbus A320neo тобындағы ұшақтарда орындалатын рейстердің 3-4 қаңтарға қараған түні ұшып шығуға шектеу қойылғандықтан ( аса суытылған туман және 150 м төмен көрінімділік) кешіктірілгені туралы хабарлаған. Әуекомпаниясы кестені қалпына келтіру үшін барлық шараны қабылдауда, соның ішінде FlyArystan әуе компаниясының резервтік ұшағын іске қосады”, – делінген хабарламада.
Компания әуежайға барар алдында әуе компанияның сайтында рейсті тексеруді сұрайды.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін
Блогердің видеосы қоғамда түрлі пікір туғызды
Қызметкерлердің құқығы күшейеді, грант иегерлерінің тізімі шығады: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
Әзірге бұл өзгеріс қарапайым азаматтарға әсер етпейді