Алматы әкімі үнді штаммының таралуына байланысты қаланың "қызыл" аймаққа кіруі мүмкін екенін айтты
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирустың үнді штаммының таралуына байланысты қала "қызыл" аймаққа кіруі мүмкін деген болжам жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Маусым айында қаладағы эпидемиологиялық ахуал жақсарған болатын. Қазір біз "жасыл" аймақтамыз, бірақ жағдай жаман жаққа қарай өзгеріп келеді. БАҚ-та Алматыда үнді штаммы табылған айтылған еді. Күн сайын вирустың мутанцияланған түрін жұқтырғандар анықталуда. Егер ахуал өршіп кетсе, он медициналық мекемелерді инфекциялық аураханаларға қайта жабдықтаймыз. Жағдайды бір апта бойы бақылаймыз. Біз "қызыл" аймаққа өтуіміз мүмкін деген болжам бар. Коронавирустың үнді штаммының таралуы осыған итермелеуде. Ал бұны тек вакцинациялау арқылы тоқтатуға болады", - деді Сағынтаев.
Айта кетсек, бұған дейін Алматыда коронавирустың үнді штаммы анықталған болатын. Қазіргі таңда аурудың мутацияланған түрін жұқтырған науқастардың саны күн сайын өсіп барады.
Талқылау

Назарбаев зияткерлік мектебі тәжірибесін басқа мектептерге беру үшін 22 млрд теңге бөлінген: НЗМ қаражаттың қалай жұмсалғаны туралы айтудан бас тартты
Оқу орны 1-6 сынып оқушыларына грант тағайындау тәртібін де бекітпеген

"Сәлем" сөзі араб тілінен енген, қазақтікі "армысыз": BI Group компаниясының амандасуға қатысты ұсынысы қоғамда сынға ұшырады
Жігіттің пікірінше, мұндай тұжырымның өзі қате