Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі компаниялары қала әкімшілігінен ірі тапсырыстар алатын депутаттарға қатысты пікір білдірді

Алматы әкімі Ерболат Досаев мәслихаттағы орындардың көпшілігін қала әкімшілігінен ірі тапсырыстар алатын құрылыс компанияларының басшылары иеленуіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Досеав

Бүгінгі баспасөз мәслихатында журналистер Алматыда “Анна Башинская (ЛЭУ), Әміржан Нәбиев (Атрикс-Строй), Ералы Сауранбаев (Sheber), Болат Ибрагимұлы (Qazaq Stroy Properties) секілді ірі құрылыс бизнесімен айналысатын бірнеше депутаттың есімін атап, әкімнен “мүдделер қақтығысы” пайда болмай ма” деп сұрады. 

Досаев өз жауабында депутаттар оның өзі секілді мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесіне ықпал ете алмайтынын айтты.

"Сіз атаған барлық азаматтардың компаниялары Алматыда орналасқан. Олар жұмыс орындарын құрып, салық төлеп отыр. Менің тізімімде салықтан жалтарғандар жоқ. Бұл депутаттар өткізілетін конкурстық рәсімдерге әсер ете алмайды, өйткені заң бойынша бұл жүйеге мен сияқты қатысы жоқ", — деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы мәслихатының депутаты Әміржан Нәбиев тең құрылтайшысы болып табылатын "АТРИКС-СТРОЙ" ЖШС қаңтар айындағы оқиғалардан кейін әкімдік ғимаратын жөндеумен айналысты. БАҚ шарттың сомасы бірнеше рет өзгергенін, қазір ол 17 млрд теңгені құрайтынын хабарлады. Қаражат бір көзден бөлінген. Алайда Әкім бұл жағдайға түсініктеме берген жоқ.

 

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 22 Маусым, 2023 17:56