Алматы әкімдігі сел қаупі төніп тұрғанын растады
Оңтүстік астана әкімдігі сел жүру қаупі бар екенін растады. Сондай-ақ, әкімдік тиісті орындарға түрлі қызметтердің бағытталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сурет: altyn-orda.kz
2019 жылдың 14 тамызында Наурызбай ауданында кішігірім сел жүргені белгілі болды.
«Халықты хабарландырып үлгердік. Зиян шеккендер жиналатын және жиналған жерден эвакуациялайтын пунктілерді анықтадық. Энергетика қызметіне жарық пен газды сөндіру туралы бұйрық берілді. Халықты көшіріп жатқанымызды ескертеміз», - делінген хабарламада.
Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті Каргалинка өзені, Әуезов және Алатау аудандарындағы тұрғындарды хабардар етіп жатқанын жеткізді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды