Алматы әкімдігі коронавирус инфекциясының ошақтары туралы жаңалықты жоққа шығарды
Алматы әкімдігі коронавирус инфекциясының ошақтары туралы жаңалықты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жіберілген хабарламада Бағанашыл, Алтай 1 ықшам аудандарында, Гоголь-Сейфуллин, Гоголь-Қонаев, "Сұңқар" тұрғын үйі қиылысында коронавирус инфекциясының ошақтары бар екендігі айтылған.
Сонымен қатар, вирус жұқтыруы мүмкін адамдардың мекен-жайы көрсетілген. Баспасөз қызметінің жетекшісі Әсет Мұқажанов бұл ақпаратты жалған деп айтты.
Бұған дейін "Сұңқар" тұрғын үй кешенінің оқшауланғаны туралы хабарланған болатын, онда жергілікті тұрғыннан коронавирус табылған.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда коронавирусты тіркеудің 44 жағдайы расталды, оның ішінде Алматыда - 19, Нұр-Сұлтанда - 25 жағдай.
"Қазақстан аруы" Алина Ри "Ғалам аруында" киетін 30 келілік костюмін көрсетті
Алина Ри: "Қазақстанды алғаш рет әлемнің үздік 30 елінің қатарына қосуды армандаймын"
Шетелден көлік әкелуге қатысты заң өзгерді: Қазақстандықтар нені білуі керек
Қыркүйекте көлік экспорты туралы заң шыққаннан кейін шетелден көлікті қалай әкелеміз?