Алматы әкімдігі 1 маусымда азық-түлік пен сусындар тегін таратылады деген ақпаратқа түсініктеме берді
Алматы қаласының әкімдігі әлеуметтік желіде тағы бір фейк тарағанын ескертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған ақпарат таралуда. Әйел дауысы арқылы таратылған аудио хабарламада ертең, 1 маусым Балаларды қорғау күніне орай іс-шаралар өтетін орындарда әкімдіктің балаларға тамақ, сусындар, тәтті тағамдар тарататнын, ойын-сауық қызметтер тегін ұйымдастырылатыны туралы жалған ақпарат тараған”, – деп мәлімдеді Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Әкімдіктің мәліметінше, бекітілген іс-шаралар тізбесі әкімдіктің ресми интернет-ресурсында жарияланған. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Онда азық-түлікті, сусындарды және басқа да қызметтерді тегін тарату туралы айтылмаған.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”